Жогорку Кенеш төрағасы Талант Мамытов Ресей билігін Қырғызстан азаматтары үшін биыл кезекті «миграция рақымшылығын» жариялауға шақырды.
29 наурызда ол Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті. Қырғызстан парламенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүздесу Алматы қаласында, Парламентаралы ассамблея кеңесінің салтанатты отырысы аясында өтті.
Ресми мәлімет бойынша, шетелде Қырғызстанның 1 млн 118 мың азаматы жұмыс істейді, олардың бір миллионы Ресейде еңбек етіп жүр. Қырғызстан Ұлттық банкінің есебіне қарағанда, 2021 жылы еңбек мигранттары Қырғызсатнға 2,7 млрд доллар аударды.
2022 жылдың ақпанындағы мәліметке сенсек, шамамен 76 мың қырғыз азаматына Ресейге кіруге тыйым салынған. Мамандардың пікірінше, «қара тізімдегілер» бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.