Site icon KAZAKBOL

Қырғызстан тәжік студенттері үшін шекараны ашты

Қырғызстан Тәжікстандағы студенттер үшін шекараны ашты. Бұл туралы Қырғызстан министрлер кеңсесі төрағасының орынбасары Еділ Байсалов хабарлады.

Оның айтуынша, Қырғызстанда оқитын тәжік студенттері үшін шекараны ашу — жаңа үкіметтің алғашқы шешімдерінің бірі болды.

Министрлер кеңсесі әзірге Еділ Байсалов хабарлаған жаңалықты жариялаған жоқ.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара сәуірдегі жанжалдан соң жабылған. Тәжік студенттері оқуды жалғастыру үшін Қырғызстанға кіре алмай қалды.

20 қыркүйекте Қырғызстандағы жоғары оқу орындарында білім алатын жүз шақты тәжік студенті Душанбедегі қырғыз елшілігі алдында наразлық акциясын өткізді.

Қырғызстан білім министрлігінің хабарлауынша, Қырғызстан жоғары оқу орындарында Тәжікстанның 1932 студенті білім алады.

Источник

Exit mobile version