Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда құқық қорғаушылар тергеу абақтысында жатқан блогер Жекшеналиевке барды

Омбудсмен институтының қызметкерлері тергеу абақтысында жатқан Ырыс Жекшеналиевпен кездесті. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Жекшеналиев Омбудсмен қызметкерлеріне милицияда азаптау болмағанын жеткізген. Алайда ол өзіне тағылған айыптармен мүлдем келіспейтінін айтқан.

15 тамызда ішкі істер министрлігі Фейсбуктағы «Полит Узник» парақшасының жүргізушісі Ырыс Жекшеналиевтің қамалғанын растаған.

14 тамызда 19 жастағы Жекшеналиев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Абдил Сегизбаевтің Жетим-Тоо туралы айтқан видеосын парақшаға жариялағаны үшін, милиция қызметкерлері ұстап әкеткені белгілі болған.

Оған қарсы билік өкілдерінің заңды талаптарына бас имеу және халықты жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған.

14 тамызда ел президенті Садыр Жапаров сөз болып жатқан кенге байланысты үндеу жариялап, Жетим-Тоо кенін игеруге қатысты жалған мәлімет таратқандарға шара қолдануға шақырған.

Источник

Exit mobile version