Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда Қамбарата ГЭС-нің құрылысы басталды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 8 маусымда Жалал-Абад облысында Қамбарата ГЭС-нің құрлысын бастап берді.

Салтанатты жиын тікелей эфирде көрсетілді. Мемлекет басшысы құрылыстың алғашқы кезеңіне шамамен 1,5 млрд сом жұмсалғанын мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, көрші Қазақстан мен Өзбекстан жобаға инвестиция құғысы келеді. Қамбарата су электр станциясы елді қыс маусымында электр қуатымен қамтамасыз ете алады, ал болашақта энергияны экспорттауға болады.

Қамбаратада биіктігі 256 метр бөгет тұрғызылады. Су электр станциясының қуаты — 1860 мегаватт. Су қоймасына 5,4 млрд текшеметр су жиналады. Нысан 8-10 жылда салынады, алғашқы гидроагрегат төрт жылдан соң іске қосылады.

2021 жылғы наурыз айында Қырғызстан мен Өзбекстан Қамбарата ГЭС-1 жобасын бірге әзірлейтінін хабарлады. Ал мамыр айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрылысқа қосылғысы келетінін айтты.

Источник

Exit mobile version