Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда доллар бағамы шамамен 3 сомға дейін көтерілді

Қырғызстан Ұлттық банкі 8 шілдеге арналған доллар бағамын 82,37 сом деп белгіледі. Доллар бір күнде үш сомға қымбаттады.

Ресми бағам бір айдың ішінде алғаш рет өзгеріп отыр. Маусым айының басынан бері доллар 79,50 сом деңгейінде сақталып келген.

Доллар бағамының нарықтағы бағасы да көтеріліп жатыр. 7 шілдеде түстен кейін банктер мен айырбас бюроларында америкалық валютаны 84 сомға сатып, 83 сомнан сатып алып жатыр.

Биыл ақпан айынан бері валюта нарығы сан құбылып тұр. Бұған Ресейдің Украинаға басқыншылығынан соң Батыс елдері салған санкциялар әсер етті.

Наурыз айының ортасында доллардың ресми бағамы 105 сом болса, сәуірдің басында 81,5 сомға дейін арзандады. Одан соң қайта көтеріле бастады.

Қырғызстанда қолма-қол доллар дефициті пайда болды. Банктердің кейбірі валюта есебіндегі долларды шешіп алғандар үшін комиссия белгілей бастады.

Источник

Exit mobile version