Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда кеден қызметкерлері ұсталды

Қырғызстанның мемлекеттік кеден қызметі жемқорлыққа күдікті саналып ұсталған алты қызметкері жөнінде пікір білдірді.

Онда Қытайдан тауарларды заңсыз алып өту бойынша схеманы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет (ҰҚМК) пен Кеден қызметінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы анықтағаны айтылған.

Тергеу материалдары кеден қызметінің төрағасы Самат Исабековтің жеке бақылауында екені айтылған.

Бұл істе мемлекетке келген зиян 1 млрд сомға жақын болуы мүмкін. Күдіктілер қазір тергеу абақтысында. Ұсталған күдіктілер арасында бас прокурор Курманкул Зулушевтің қайнысы да бар екені айтылады.

IRI 2020 жылы сауалнама жүргізіп, оның нәтижесінде қырғызстандықтар кеден қызметін ең сыбайласқан орган ретінде атағанын жариялаған.

Источник

Exit mobile version