Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда валюта сатылатын қара базар пайда болды (видео)

Қырғызстанда америкалық валютаны ресми түрде сатып алу мүмкін болмай қалды. Банктер шектеу енгізді. Қаржы мекемелері адам басына 100 доллардан артық сатпайды.

Айырбас пунктерінде валюта жоқ. Есесіне елде валюта сатылатын қара базар пайда болды: долларды арнайы ашылған телеграм-арналар арқылы сатып алуға болады. Мұнда доллар қымбат. Қырғызстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 1 доллар 83 сома 1 тыйын болса, телеграм-топтарда АҚШ валютасын орташа есеппен алғанда 85 сомнан сатады. Топ мүшелері долларға қатысты ұсыныстарын жариялады: бұл жерде 200 доллар да, 2000 доллар да сатып алуға болады.

Осындай арнай топ ашқандар сауда үшін жауапты еместігін ескертіп отыр. Ресми айырбас бюролардағылар телеграм-топтарда «көп ақша айналып жатыр» деп есептейді. Олар бәсекелестерінен үстінен шағым түсірген.

«Айырбас бюроларында ресми операция жүреді. Кеңсе бар, ресми чек беріледі. Ал көшеде валюта айырбастаған кезде ақшаңды тартып алуы мүмкін, жалған ақша сатуы да ғажап емес», — дейді Айырбас бюролары қауымдастығының басшысы Думан Рысқұлов.

Ұлттық банк лицензиясыз ақша айырбастаушылардың әрекеті заңсыз екенін хабарлады. «Құқық қорғау органдарына хат жолданды. Мәліметтерге қарағанда, мәселе тексеріліп жатыр, шара қолданылады», — делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.

Источник

Exit mobile version