Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанда жастарға шетелде білім алуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама жүзеге аспақ

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Ел үміті» деп аталатын халықаралық степендия жөніндегі жаңа бағдарламаны іске қосқанын мәлімдеді.

Ол бұл жөнінде Facebok желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл бағдарлама талантты қырғызстандықтарды шетелде мемлекет қаражатынан білім алуға мүмкіндік береді. Грант иелері әлемнің үздік жүз жоғары оқу орнында магистрлық және докторантура бағдарламасы бойынша білім алады.

«Біз биыл 50 гранттан бастадық. Олардың құны таңдалған жоғары оқу орындарына байланысты болады. Бірақ әзірге 50 мың доллардан аспайды. Техникалық және инженерлік мамандықтарға басымдық беріледі. Бірақ экономика және гуманитарлық мамандықтарға да өтініш беруге болады», — деп жазды қырғыз президенті.

Ол он грант доктор дәрежесін алу үшін берілетінін жеткізді.

Бүгінгі күні Қырғызстанда президент шәкіртақысы бағдарламасы бар. Оның көлемі 50 мың сом (600 доллар), отандық жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерге беріледі.

Источник

Exit mobile version