Site icon KAZAKBOL

Қырғызстандық жүк көліктер қазақ-орыс шекарасынан өте алмай тұр

Ресейдің Қазақстанмен шектесетін «Маштаково» шекара бекетінде бірқатар қырғызстандық жүк тасушылар өте алмай тұрғанын хабарлады.

Өзін Хаким деп таныстырған жүргізуші 7-8 шілдеде жүк көліктері кептелісі 4-5 шақырымға дейін созылғанын хабарлады.

«Бүгін азайып қалды. Кеше 4-5 шақырым кезек болды. Қазақстаннан, Қырғызстаннан бара жатқандар бар. Жеміс-жидектер тасыған көліктерді өткізіп жатыр. Тұрмыстық тауарларды тоқтатып тұр, себебі белгісіз», — дейді ол.

Қырғызстандық кәсіпкерлер негізінен Қытаудан Ресейге тауар тасиды.

Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) 2010 жылы Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Кеден одағы ретінде құрылған. 2015 жылы оған Қырғызстан мен Армения қосылды. Онда басты артықшылық шекарада және кеден бекетінде кедергі болмайтыны айтылған.

Источник

Exit mobile version