Site icon KAZAKBOL

Қырғызстанның Тәжікстандағы елшісі қызметінен алынды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жаныш Рустенбековті Қырғызстанның Тәжікстандағы елшісі қызметінен босату жөніндегі жарлыққа қол қойды. Президент әкімшілігі бұл шешімге қатысты пікір білдірмеді.

Соңғы кездері қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалдардан кейін Рустенбековтің атына сын көп айтыла бастады.

Ол қызметке 2018 жылдың аяғында тағайындалған.

Былтыр қыркүйек айында Жогорку Кеңештің салалық комитеті Қырғызстанның Тәжікстандағы елшісі қызметіне бұрынғы депутат Кубанычбек Нурматовтың кандидатурасын ұсынған. Бірақ көп өтпей арнайы қызмет оны алаяқтық күдігімен қамауға алды.

Осының алдында парламенттің салалық комитеті Қырғызстанның Украинадағы елшісі қызметіне Идрис Кадыркуловтың кандидатурасын қолдамай қойған. Бірақ президент Садыр Жапаров оны өз жарлығымен тағайындаған.

Источник

Exit mobile version