Site icon KAZAKBOL

Қытай мен Моңғолия билігі бубон обасы анықталғанын растады

Қытай билігі Моңғолия және Ресеймен шектесетін Ішкі Моңғолия провинциясында бубон обасы тіркелгенін ресми растады.

Қытайда әзірге бұл індетке бір адам шалдыққаны белгілі болды. Ол — Ішкі Моңғолия провинциясындағы Баян-Нұр қаласында тұратын қойшы. Қазір оны карантинге жатқызған. Жағдайы тұрақты. Бірақ провинция тұрғындарына аңға шығуға және жабайы жануар етін жеуге тыйым салды.

Бубон обасы өткен аптада Моңғолияның Қытай және Ресеймен шектесетін аймағында шыққаны хабарланған. Өлкенің денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне қарағанда, Ховд ауданында тұратын екі ағайынды суырдың етін жегеннен кейін індет жұқтырған. Олардың туыстарының бәрін уақытша оқшаулаған. Бұдан бөлек аймақта жабайы жануарға аңшылық жасауға тыйым салынды.

centralasian.org

Exit mobile version