Site icon KAZAKBOL

Қытай «жақында» Қырғызстан мен Өзбекстанға темір жол жобасының негіздемесін тапсырады

«Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолы құрылыс жобасы жөніндегі қытайлық мамандар тобы дала жұмыстарын аяқтап, енді қырғыз және өзбек жағына жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін тапсырады.

Бұл туралы 8 желтоқсанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Қытай мемлекеттік кеңесінің вице-президенті Ху Чуньхуамен кездесуінде айтылды.

Қырғызстан президенті әкімшілігінің хабарлауынша, тараптар қырғыз-қытай қарым-қатынасын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Ресми мәліметке қарағанда, Садыр Жапаров «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысы аймақтың экономикалық дамуына әсер ететінін айтқан.

Биыл қыркүйекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының Самарқандағы саммитінде үш ел «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысы жобасы жөніндегі әріптестік туралы үшжақты келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, темір жол «Торугарт – Арпа – Макмал – Жалал-Абад» бағытын қамтиды.

Источник

Exit mobile version