Site icon KAZAKBOL

Әділет министрлігі «Алға Қазақстан» партиясын тіркеуден он алтыншы мәрте бас тартты

Әділет министрлігі «Алға Қазақстан» оппозициялық партиясын тіркеуден тағы да бас тартты. «БелсенділерЭкстремистЕмес» бақылаушылар тобының хабарлауынша, партия осымен он алтыншы мәрте тіркеле алмаған.

Бұл жолы министрлік партияны бастамашыл топ тізімі заң талаптарына сай емес деген сылтаумен тіркемеген. Дегенмен шенеуніктер тізімнің нақты қай тұсы ережеге сай еместігін айтпаған.

Қозғалыс өкілдерінің айтуынша, 5 шілдеде 3 101 адамның тізімі тапсырылған. Бұған қоса «Алға Қазақстан» ұйымдастыру комитеті 15 мың адамды видеоға түсірген. Олар бастамашыл топ тізімі заңға сай екеніне сенімді.

Қозғалыс жетекшілерінің бірі, марафоншы Марат Жыланбаев 25 мамырдан бері қамауда отыр. Белсендіні «тыйым салынған ұйымға қатысы бар», «экстремистік ұйым қызметін қаржыландырды» деген күдікпен ұстаған. Жыланбаев бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.

Источник

Exit mobile version