Site icon KAZAKBOL

ӘЙЕЛІН ӨЛТІРМЕК БОЛДЫ: КІМДІКІ РАС?

Ксения Ашығалиеваны ешкім ұрған жоқ! Ол өз денесін гримдеп алып, күйеуіне жала жапқан! Бұл туралы Ксенияның қайын атасы мәлімдеді. Өнердегі достары Парвиз Назаров, Жәмилә Серкебаева да Бауыржан Ашығалиевтің ондай айуандыққа бармайтынын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек бір апта бұрын күйеуімнен зәбір көрдім деген келіншек тергеудің сағызша созылғанынв наразылығын білдірген болатын. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Бауыржан тауық сойғанда қанды көріп талып қалған. Оның ауыр қылмысқа баруы мүмкін емес!». Бүгінгі басқосуда әншінің анасы осылай деп мәлімдеді. Бастапқыда баласының Ксенияға үйленгеніне қарсы болғанын да жасырмады. Ал, әнші Парвиз Назаровтың айтуынша 10 жылдан бері отбасымен жақсы араласып келіпті. Бауыржан Ксенияны әлі күнге жақсы көреді дейді. 3 күнде оған арнап ән жазып клип түсіріп, өзінің туған күнінде көрсетіпті.

ПАРВИЗ НАЗАРОВ, ӘНШІ:
«Ксения менің туған күніме келіп сол жерде бейнеклипті үлкен экраннан көрсетті. Барлық әдемі жасады. Ол видеоны көрді. Ол тізерлеп тұрып гүл беріп, мен сені жақсы көремін, отбасымызға, маған орал деп өтінді. Алайда Ксения гүлді лақтырып жіберіп, аузына келгенін айтқанына барлығымыз таңқалдық»

Бауыржанның әкесі де келіні барлығын ойдан шығарып отырғанын айтады. Ұлының қылмысқа барғаны сараптама жасау барысында дәлелденбепті. Өзбексатаннан келген келінінің жағдайын жасап, тіпті шет елді аралауына да мүмкіндік берген екен. Шығармашылықпен айналысу үшін немерелеріне дейін күтуші қарапты.

ЖӘНІБЕК АШЫҒАЛИЕВ, БАУЫРЖАН АШЫҒАЛИЕВТІҢ ӘКЕСІ:
«Ол өзінің құрбысы екеуі грим жасап, мойнынан қылқындырған сияқты. Ал беттестірген кезде тергеуші оның денесінде ешқандай сырылған жарақаттар болмағанын айтты. Барлығын ойдан шығарды деп отыр».

Жәбірленушінің қорғаушысы Бауыржанның өз әйелін шынымен өлтіруге оқталғанын айтады. Алайда Ксениеның қарсылық танытуының арқасында көршілері көмекке келіп, қылмыстың алдын алыпты. Бауыржаннын қасында досы мен бір қыз болыпты. Алайда досы куәгер болса, ал үшінші адам тергеу барысында анықталмапты.

НҰРЛАН РАХМАНОВ, КСЕНИЯ АШЫҒАЛИЕВАНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:
«Мен сіздердің назарларыңызды Бауыржан Ашығалиевтің бастапқыдағы әрекеті тек Ксения Ашығалиеваны ұрлау ғана емес, оны өлтіруге оқталғанынан аударғым келеді. Бірақ ққұқыққорғау органдарынан оқиға орнына учаскелік инспектор келген. Ол қылмыс орын алған жердегі дәйектерді тіркемеген. Соның салдарынан көптеген дәлелдемелер жоғалған».

Алд Ксения осы оқиғадан кейін қорқыныштан үнемі жалтақтап жүретінін айтады. Егер іс насырға шабатын болса мемлекет басшысынан көмек сұрауға әзір екен.

КСЕНИЯ АШЫҒАЛИЕВА, ӘНШІ:
«Маған айтыңыздаршы мен өзіме мынандай жарақаттарды қалай сала аламын. Мен әншімін өз денемді жарақаттай алмаймын. Ол маған не үшін керек. Мен ол азаматтан кетіп қалып, өзім ақша тауып жүрдім. Екі жыл бойы оның маған не көрсеткенін бала күтуші көрген. Айтудан қорқады. Мен одан ақша сұраған емеспін».

Естеріңізге сала кетсек шілде айында денесінің сау тамтығы қалмаған «Джекпот» тобының әншісі Ксения Ашиғалиеваның өзін күйеу жертөлеге апарып, досымен бірге өлтіруге оқталғанын айтып қоғамнан көмек сұраған болатын. Осы оқиғадан кейін Бауыржан Ашығалиев үйқамаққа алынып, тергеу амалдары қолға алынған. Алайда қылмыстық іс төрт айдан бері сотқа жетпей келеді.

Первый канал Евразия

Exit mobile version