Site icon KAZAKBOL

Әлемнің 23 елінің лидерлері пандемияға байланысты ғаламдық келісімге келуге шақырды

23 елдің лидерлері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) пандемияға қарсы күрес бойынша ғаламдық келісімге қол қоюды ұсынды. Олардың арасында Ұлыбритания, Германия, Франция және Солтүстік Корея секілді елдер бар.

Құжатта бірде бір мемлекет пандемияны өз бетімен жеңе алмайтынын атап өткен. Сол себептен бастамашылар өзара ақпарат алмасу және профилдік зерттеу нәтижелерімен бөлісуді ұсынған.

Әлем лидерлері COVID-19 вирусы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен проблема болып отырғанын, тек бір-бірімен ақпарат алмау арқылы ғана нәтижеге жете алатынын мәлімдеді. Бұдан бөлек вакциналарды шығару және халыққа тездетіп екпе жүргізу маңызды екені айтылған.

Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирус жұқтырғандар 128 миллионнан асып, 3 миллионға жуық науқас қайтыс болды.

centralasian.org

Exit mobile version