Site icon KAZAKBOL

Әндіжанда «Хизб ут-Тахрир» ұйымына қатысы бар деген күдікпен 12 әйел ұсталды

Өзбекстанның Әндіжан облысы Әндіжан ауданында «Хизб ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының «әйелдер қанаты» анықталды. Бұл туралы аймақ милициясы хабарлады.

Діни ұйымға мүше болуы мүмкін күдіктілер 16 қаңтардағы арнайы операция кезінде ұсталды. Олар жергілікті бір тұрғынның үйіне діни кітаптар оқуға жиналған.

Милиция мәліметінше, оларға Түркияда тұратын М.Х. есімді күдікті нұсқау беріп отырған. Әйелдер әркімнің үйіне жиналып, әлеуметтік желілер арқылы Түркияда тұратын әйелдерден «Хизб ут-Тахрир» идеялары туралы дәріс алған, делінген хабарламада.

Тергеу жүріп жатыр.

Источник

Exit mobile version