Site icon KAZAKBOL

Өзбек ғалымдары коронавирустан сауықтыратын сүт шығарды

Өзбекстанның инновациялық даму министрлігіндегі ғалымдар құрамында SARS-CoV-2 вирусына антидене бар сүт алды. Олар адамдарға арналған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын сиырлар мен ешкілерге үш мәрте салған.

Зерттеушілер антиденеге бай мұндай сүтпен халықты COVID-19 вирусынан қорғауға болады деп есептейді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметіне қарағанда, сиыр мен ешкіге вакцина салғаннан екі аптадан соң сүтте антидене пайда болған. Зерттеулер бұл денелер SARS-CoV-2 вирусымен сәтті күресетінін көрсетті. Қанда оның тиімділі 100 пайыз, сүтте — 40 пайыз болғаны анықталған.

«Адамға арналған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы үй жануарларына қауіпсіз екені мәлім болды», — дейді өзбек ғалымдары. Олар осы зерттеуге патент алуға өтініш берген.

Источник

Exit mobile version