Site icon KAZAKBOL

Өзбек билігі Ресейдегі мигранттарға «материалдық көмек төленеді» деген мәліметті терістеді

Өзбекстанның еңбек министрлігі Ресейдегі өзбек мигранттарына бір реттік материалдық көмек беріледі деген мәліметті жоққа шығарды. Жалған ақпарат әлеуметтік желілерде тараған.

Ресейдегі мигранттарға 9 539 рубль (132 доллар) жәрдемақы төленеді деген мәлімет — жалған ақпарат, делінген министрлік хабарламасында.

Мұндай фейк мәліметтер «халықты шатастырады» деп есептейді министрліктегілер.

Өзбекстан еңбек министрлігінің мәліметінше, шетелде қиын жағдайға тап болған азаматтар қаржылай көмек алу үшін www.birgamiz.com платформасына өтініш қалдыруы тиіс. Қаржылай көмектің мұндай түрін алу үшін ешқандай төлем қажет емес, деп ескертті еңбек министрлігі.

Источник

Exit mobile version