Өзбекстанда Үргеніш қаласының милициясы «Сахара» кафесінде бірнеше жартылай жалаңаш қыздың сумалак пісіргеніне қатысты оқиғаны тексеріп жатыр. Бұл туралы Хорезм облысының ішкі істер департаменті хабарлады.
Бұл видео әлеуметтік желілерде 21 наурызда жарияланған.
Желі қолданушылары қыздардың ерсі ерекетін сынаған соң, құқық қорғау органдары оқиғаны тексеруге кіріскен.
Видеодағы жартылай жалаңаш қыздар «Сахара» түнгі клубында биші болып жұмыс істейтіні анықталған.
22 наурызда видеодағы қыздардың бәрін милицияға тергеуге шақырған. Әлеуметтік желіде олардың тергеу кезіндегі суреттері жарияланды.
Демалыс екеніне қарамастан, Үргеніш әкімшілігінде арнай жиналыс өтіп, онда осы видео талқыланған.
25 секундтық видеода сегіз қыз сумалак тағамын дайындап жүр. Бес қыз ішкі киіммен ғана жүр.
Азаттық радиосы Өзбек қызметінің мәліметі бойынша, видео 20 наурызда Үргеніштегі «Сахара» түнгі клубында түсірілген.
Хорезм милициясының хабарлауынша, клубтың биші қыздарына қатысты әкімшілік іс қозғалуы мүмкін.