Site icon KAZAKBOL

Өзбек президенті Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынды

Өзбекстанның жаңа Конституциясының жобасы 2022 жылы әзірленіп, Ата заңның 30 жылдығы қарсаңында қабылданады. Осылай деп ел президенті Шавкат Мирзияев ел Конституциясының 29 жылдығы қарсаңында мәлімдеді.

Ол құттықтау сөзінде қазіргі қолданыстағы Конституцияға өзгерістер қажет екенін атап өтті. Шавкат Мирзияевтің сөзінше, төмендегі бағыттарды бірінші кезекке шығару:

Дегенмен Мирзияевтің «Конституцияға реформа» жасау керек деген мәлімдемесінен кейін, президент уәкілеттігінің мерзімі де ұзаруы мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр.

Қазіргі Конституцияға сәйкес, президент тек екі рет 5 жыл мерзімге сайлана алады.

Биыл 24 қазанда Өзбекстанда президент сайлауы өтіп, 64 жастағы Шавкат Мирзияев 80,1% дауыспен екінші мерзімге сайланған.

Ол — тәуелсіз Өзбекстан тарихындағы екінші президент. Бірінші президент Ислам Каримов бүкілхалықтық референдум арқылы 2016 жылға дейін төрт рет сайланған. Алайда ол 2016 жылдың күзінде кенеттен қайтыс болды.

Exit mobile version