Site icon KAZAKBOL

Өзбек президентінің аймаққа сапары кезінде жолдар асығыс жөнделген

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 21 сәуірде Қашқадария облысына барып, аудандардың жағдайымен танысқан.

Әдеттегідей президенттің сапары барысында аймақтарда қауіпсіздік мәселесі күшейген.

Тұрғындардың бірі Азаттықтың өзбек қызметіне көрші Навои облысынан қосымша күш жеткізілгенін айтқан.

Жергілікті белсендінің сөзінше, дүкендер кәсіпкерлердің есебінен азық-түлікке толтырылған. Жергілікті билік егер президент дүкенге кіріп қалған жағдайда, бәрі бар екенін көруі тиіс дегенді айтқан.

Бұдан бөлек ойылып жатқан жолдар да асығыс жөнделген.

«Жолдардың үстіне алдымен тас төсемей, жәй топыраққа цемент салып, жөндей салды. Бір жыл өтпей, бұл жолдар қайта бұзылады. Президент алдында көзбояушылық жасап, қанша ақшаны далаға шашып жатыр», — дейді белсенді.

Мирзияев жергілікті өңірлерге сапары барысында, әкімдерге жасанды тірлік істемеңдер деп бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ сынға қарамастан, жергілікті билік тарапынан асығыс іс-әрекеттер жалғасып келеді.

Источник

Exit mobile version