Site icon KAZAKBOL

Өзбек сенаты Мәскеуде ереуілдеген мыңдаған азаматтың ісін бақылауға алды

Мәскеуде митингіге шыққан мыңдаған өзбекстандықтың ісін Өзбек сенатының адам саудасымен күрес жөніндегі ұлттық комиссиясы бақылауға алды.

Сенаттың ресми сайтының хабарлауынша, митингіге шыққан өзбек азаматтарына көмек көрсетіліп жатыр. Нақты қандай көмек екені ресми мәліметте айтылмайды.

23 ақпанда «Настоящее время» телеарнасының «Азия» бағдарламасында мыңдаған өзбек пен тәжік Мәскеуде Crocus Group компаниясына қарсы наралық акциясын өткізгені хабарланды. Құрылыс компаниясының жұмысшылары төрт айдан бері жалақы алмаған. Наразылыққа жиналғандарды тарату үшін компания күзетшілері пневтамикалық қарумен аспанға оқ атқан.

Өзбекстан сыртқы еңбек миграциясы жөніндегі агенттігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен ұсталғандар арасында өзбек мигранты жоқ. Мекеменің Ресейдегі өкілдігі де жанжал туралы ақпарат таратты.

«Кәсіпорын басшылығы азаматтармен кездесіп, жалақының бәрін төлеуге уәде берген», — деп хабарлады агенттік.

Источник

Exit mobile version