Өзбекстан соңғы 10 айдың ішінде 110 миллион доллардан астам қаражатқа 300 миллион литрден көп бензин импорттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 128 миллион литрге көп.
Өлкенің Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, Өзбекстанға бензин негізінен Ресей (142,3 миллион литр) мен Түркіменстаннан (136 миллион литр) келеді. Бұл елдерден сатып алынған бензин Өзбекстанға импортталған бензиннің 93% құрайды. Бұдан бөлек Қазақстаннан (16 миллион литр), Ирактан (3,6 миллион литр) және Ираннан (1,8 миллион литр) бензин сатып алады.
Өзбекстанның Монополияға қарсы комитеті импорттың көбейгеніне қарамастан жыл басынан бері өлкеде бензин бағасы 72,1% қымбаттағанын айтады.