Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан 10 мың мигрантты Ресейге құрылысқа жіберу туралы келісімге отырды

Өзбекстанның 10 мың еңбек мигранты Ресейде жеңілдетілген тәртіппен жұмысқа тұрады.

Бұл туралы 15 қыркүйекте Ташкентте өткен брифингте Еңбек қатынастары және жұмыспен қамту министрлігінің баспасөз хатшысы Мавжуда Мирзаева хабарлады.

Оның айтуынша, Ресейдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Андрей Пудов бастаған делегация сапары кезінде осындай келісім қабылданды.

Ресейдің жұмыс берушілері еңбек мигранттарының жұмысқа тұруына қатысты шығындарын өтейді.

Хабарларға қарағанда, жұмысшыларға вакцина салу ісін екі елдің мамандары бірлесіп жүргізеді.

Источник

Exit mobile version