Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан Ауғанстанға 185 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Иллюстративное фото

Өзбекстан Ауғанстанға 185 тонна азық-түлік, атап айтқанда ұн, өсімдік майы, макарон, консервалар, қант және тез дайындалатын азықтар жеткізді.

Газета.уз басылымы жазғандай, гуманитарлық көмек 19 сәуірде Термезден Хайратонға жеткен. Оған Өзбекстанның Ауғанстан бойынша өкілі Исматулла Иргашев, Сурхандария әкімінің орынбасары Анвар Орипов және Ауғанстанның уақытша үкіметінің экономика министрі Дінмұхаммед Ханиф қатысқан.

Ауған тарап өзбек еліне ораза айы кезінде көрсеткен жәрдемі үшін ризашылығын білдірген.

Аймақта сауда-экономикалық және гуманитарлық қызметтерді арттыру бойынша келіссөздер болған.

Источник

Exit mobile version