Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан Ауғанстаннан зымыраннан оқ атылды деген ақпаратты теріске шығарды

Өзбекстанның қорғаныс министрлігі Ауғанстан аумағынан зымыраннан оқ атылып жатыр деген желілердегі ақпаратты теріске шығарды.

«Бұл ақпарат жалған, шындыққа еш сәйкес келмейді. Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы шекара толық бақылауда, онда жағдай тұрақты», — делінген хабарламада.

5 шілдеде Термезге Ауғанстан аумағынан снарядтар құлаған. Төрт үй зардап шеккен. Адам шығыны жоқ.

Сәуір айында «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы Хорасаннан снарядтар ұшырылғаны, бірақ өзбек шекарасына жетпегені хабарланған.

Источник

Exit mobile version