Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан биыл Қытайға 133 миллион долларға газ сатты

Биыл қаңтар-сәуір айларында Өзбекстан Қытайға 132,8 миллион долларға газ сатты. Бұл туралы Neftegaz.ru қытай кеденіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

2021 жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда биыл Өзбекстан Қытайға екі есе көп газ сатқан.

Қытайға газ жеткізетін елдер арасында Түркіменстан бірінші орында тұр. Бұл ел жыл басынан бері Қытайға $2,87 млрд газ сатқан. Екінші орында — Ресей (1,04 млрд доллар), үшкінші орында — Мьянма (408 млн доллар). Қазақстан төртінші орында (270 млн доллар) тұр.

Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, республика биыл 229,5 млн долларға газ экспорттады. Өткен жылғы көрсеткіштен 2,7 есе көп.

Бұның алдында Өзбекстанның газ импортын көбейткені хабарланған.

Источник

Exit mobile version