Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан: депутат немересімен сөйлесіп жүрген оқушыны аяусыз сабаған

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Камаши аудандық кеңесінің депутаты Панжи Нуртоев 9 сынып оқушысын аяусыз сабап тастағаны үшін айыпталып жатыр. Бұл жөнінде Газета.uz басылымы елдің бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, 15 жастағы оқушы мен Панжи Нуртоевтың 8- сыныпта оқитын немересі қыз-жігіт ретінде сөйлесіп жүрген. 4 қарашаға қараған түні жасөспірім терезеден қыздың бөлмесіне кірген. Оны байқап қалған депутат ұлымен бірге оқушыны қатты аяусыз сабаған.

Сол түні жасөспірім аудандық ауруханаға жеткізілген.

Бұл істі алдымен аудандық тергеу ісі бастап, кейін бұл істі бас прокуратураға берген. Себебі, Нуртоев жергілікті кеңес депутаты болғандықтан, оны қол тигізбеу мәртебесінен айыру үшін бас прокуратаның ұсынысы қажет болған.

Нуртоевтың іс-әрекетін талқылау үшін Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясының Қашқадария облыстық кеңесі жиналыс өткізіп, оны партиядан шығару және депутаттық мандатынан айыру туралы шешім қабылданғаны хабарланды.

Источник» rel=»noopener» target=»_blank»>источник

Exit mobile version