Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан халқының жалпы кірісі үш айда 10,8 процентке көбейген

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында инфляцияны есепке алмағанда, Өзбекстан халқының жалпы кірісі 10,8 пайызға көбейген. Елдің Статистика комитетінің баяндамасына қарағанда, бұл соңғы бірнеше жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Мекеме мәліметіне қарағанда, бұл 2018 жылдан бергі жоғарғы көрсеткіш. Ресми түрде халықтың қаңтар-наурыз айларындағы кірісі 22,46 пайызға көбейген: 11,66 % инфляцияны есепке алмағанда, халықтың негізгі кірісі 10,8% құраған. Ақшалай есептегенде, бұл 144 триллион сум немесе 12,6 миллиард доллар.

Бірқатар экономистер ресми статистикалық көрсеткіштерге күмәнмен қарайды. Өзбекстандық сарапшы Отабек Бакиров бұл цифраларға Телеграм-каналына: «Бірқатар салалар, құрылыс, көлік және қызмет көрсетулер апталап, айлап тоқтап, жұмысшылар мен қызметкерлер өз есебінен демалысқа жіберіліп, халықаралық ақша аударулар қысқарғанда, халықтың кірісі қалай көбейгені қызық болып тұр», — деп жазды.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, халықтың кірісі 2022 жылы 5,4%, 2021 жылы 9,8% және 2020 жылы 7,6% көбейген.

Источник

Exit mobile version