Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан инсулин шығаратын тағы бір зауыт салуды көздеп отыр

Президент Узбекистана Шавкат Мирзияев на церемонии открытия завода по производству инсулина в Андижане, 2018 год.

Өзбекстан үкіметі елде инсулин шығаратын тағы бір ірі зауыт тұрғызатынын жариялады. Зауыт ресейлік инвесторлар қаражатына салынады.

Сәуір айының аяғында өзбекстандық «ZUMA-PHARMA» компаниясы мен ресейлік «Герофарм» компаниясы инсулин өндірісі туралы келісімге отырған.

Ресми мәліметке қарағанда, қазір зауыт құрылысына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Алайда зауыт қайда және қашан салынатыны әзірге белгісіз.

Осы зауыт салынса, онда Өзбекстанда инсулин шығаратын екі кәсіпорын болады. 2018 жылы Әндіжанда салынған зауыт әлі қосылған жоқ. Ол — Орталық Азияда инсулин шығаратын жалғыз кәсіпорын.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанда 245 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады. Республикада инсулин науқастарға мемлекет бағдарламасы аясында тегін беріледі.

Источник

Exit mobile version