Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан президенті қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Бейжіңге барады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Бейжіңге барады. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады.

Шавкат Мирзияев Қытай халықтық республика төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжіңге барады.

Шақырылғандардың арасында Ресей, Қазақстан, Сингапур, Қырғызстан, Түркіменстан, Египет, Польша, Аргентина, Сауд Арабия, Катар, Камбоджи басшылары бар. Бұдан бөлек Бейжіңге БҰҰ басшысы, ДДҰ басшысы және Халықаралық олимпиада комитетінің президенті барады.

Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.

6 желтоқсанда Құрама Штаттары Бейжіңде өтетін Олимпиада-2022 ойындарына дипломатиялық бойкот жариялаған. Вашингтон Шыңжаңдағы геноцид және адам құқықтарының бұзылуына байланысты осындай шешім қабылдағанын айтқан.

АҚШ бастамасын Австралия да қолдады, бірақ дипломатиялық бойкот жарияламады.

АҚШ соңғы рет 1980 жылы өткен Мәскеудегі Олимпиада ойындарына бойкот жариялаған.

Источник

Exit mobile version