Site icon KAZAKBOL

Өзбекстан Сауд Арабиясымен кіші қажылық бойынша келіссөз жүргізді

Жақын уақытта пандемияға дейін қажылыққа бару үшін ақша төлеп қойған өзбекстандықтар умраға Мекке және Мединеге сапарға шыға алады.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасының бас мүфтиі Нуриддин Холикназаров пен Дін істері жөніндегі комитет төрағасы Содикжон Ташбаев 1-9 желтоқсан аралығында Сауд Арабиясына барып келген.

Келіссөз қорытындысы жайлы әлі ресми хабарланбады. Тек жақын күндері өзбекстандықтардың кіші қажылыққа бара алатыны жөнінде айтылды.

Соңғы екі жылдан бері коронавирус пандемиясына байланысты әлем мұсылмандары Сауд Арабиясына қажылыққа бара алмай келеді.

Источник

Exit mobile version