Украинаның Закарпатье өңірі Өзбекстаннан 34 тоннадан астам гуманитарлық көмекті қабылдап алды.
Украинаға Өзбекстанның гуманитарлық жүгі 8 сәуірде жетті, деп хабарлады Закарпатье облысының әкімдігі.
Облыс басшысы Виктор Никитаның айтуынша, 34 тоннадан астам жүкте дәрі-дәрмек, ұзақ сақтауға болатын азық-түлік және басқа да заттар бар.
«Гуманитарлық көмек бірден соғыс ошақтарына жолданды», — деп мәлімдеді облыс басшысы.
Виктор Никита Өзбекстан үкіметіне көмек бергені үшін, сонымен бірге Украинаның Өзбекстандағы елшісі Николай Дорошенкоға гуманитарлық дәліз ұйымдастырғану үшін алғыс айтты.