Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда «Өлмес полк» акциясын өткізуге қарсы шықты

3 сәуірде Өзбекстанның заң шығару палатасының төраға орынбасары, «Миллий Тикланиш» партиясының лидері Алишер Кадыров «Твиттерге» «Өлмес полк» – бұл Совет одағын насихаттау құралы. Біз мұндай акцияға қарсымыз!», – деп жазды.

Ол Өзбекстанның фашизмді жеңуді еске алудың жолын атады. Ол ата-бабаларының суретін алып, қала аралау емес, рухани дұға жасау маңызды деді.

Өзбекстанда соңғы жылдары Ресей елшілігі мен «Россотрудничество» агенттігінің қаржыландыруымен «Өлмес полк» акциясын өткізу кең етек ала бастады.

Биыл да демеуші топ Ташкент қалалық ішкі істер басқармасына 9 мамырда «Өлмес полкты» өткізу бойынша өтініш берілген. Өзбек билігі акцияға рұқсат беретіні әлде бермейтіні белгісіз.

Источник

Exit mobile version