Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда 1 шілдеден бастап жарық пен газ қымбаттайды

Өзбекстанда 1 шілдеден бастап «әлеуметтік тұтыну межесі» енгізіліп, коммуналдық қызмет ақысы қымбаттайды.

«Жанармай-қуат ресурстары бағасын өзгерту туралы» үкімет қаулысының жобасы 31 мамыр мен 15 маусым аралығында талқыланады.

Құжатта 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап халыққа табиғи газ бен электр қуатын жеткізу ісі «әлеуметтік тұтыну межесіне» сай бағамен жеткізіледі делінген.

Үкімет қаулысына сәйкес, 1 шілдеден бастап көп қабатты үйлер мен жатақханаларда тұратындар 1 киловатт-сағат электр қуаты үшін 165 сум (0,015 доллар) төлейді.

Қалған тұтынушылар бір айда 250 кВтс дейін 325 сумнан (0,03 доллар), одан асып кетсе — 650 сумнан (0,05 доллар) төлейді. Қазір Өзбекстанда электр қуатының 1 киловаты 295 сум (0,027 доллар) тұрады.

Табиғи газдың 1 текшеметрі 410 сум (0,03 доллар) тұрады деп белгіленген. Көгілдір отынды көп тұтынған сайын оның бағасы өсе береді.

Источник

Exit mobile version