Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда 16 талды кескен адамға 1,35 млн сум айыппұл салынды

Бұхарада екі тұрғын үйдің ортасынан тағы бір үй салынып жатыр. Құрылыс алаңындағы 16 тал кесілген. Оны кескен ер адамға 1,35 млн сум (116 доллар) айыппұл салынды. Табиғатқа 259 млн сум (22.5 мың доллар) зиян келген.

Биыл ақпан айында «Бұхара тұтынушылары» Telegram каналында екі үйдің ортасындағы 16 талдың кесілгені жөнінде ақпарат тараған. Кейін Бұхара облысының экология басқармасы оны кескен адамды анықтағанын хабарлады.

К.К. деген азамат екі үйдің ортасынан көпқабатты тұрғын үй салынбақ болған учаскедегі 16 тұт ағашын кескен. Бұл іс жергілікті қалалық прокуратураға берілген. Табиғатқа келтірілген шығын 259 млн сум (22.5 мың доллар) көлемінде.

К. К. деген азаматқа 116 доллар айыппұл салынған.

Источник

Exit mobile version