Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда азаптауға айыпталған тергеу абақтысының бұрынғы 12 қызметкері сотталды

Әндіжан облыстық соты күдікті Санжарбек Мамажоновтың өліміне алып келген тергеу абақтысындағы азаптау ісі бойынша жергілікті ішкі істер басқармасының бұрынғы 12 қызметкеріне қатысты үкім шығарды.

Оған сәйкес, алты адам төрт жылға бас бостандығынан айырылса, тағы алтауы, оның ішінде тергеу абақтысының басшысы үш жылға сотталды. Сонымен бірге үкімге сәйкес, 10 айыпталушыға бір жарым жыл, тағы екеуіне құқық қорғау органдарына істеуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек Мамажоновты камерада сабаған Жасурбек Усманов төрт жыл бір айға еркінен айырылды.

Сот мәліметіне сәйкес, тергеу абақтысының қызметкерлері 2022 жылдың наурызында 32 жастағы күдікті Санжарбек Мамажоновты азаптап, ұрып-cоққан. Оған медициналық көмек көрсетпей, камераға қамап қойған. Ол жерде күдікті қайта сабалып, үш жарым сағаттан соң көз жұмған.

Экспертиза кезінде марқұмның денесінде және басында көптеген жарақаттар анықталған.

Орталық Азия елдері, оның ішінде Өзбекстан Азаптауға қарсы конвенцияның қатысушысы болып есептеледі. Бірақ құқық қорғау ұйымдары баяндамасында аймақтағы елдер конвенция талаптарын орындамай отырғаны айтылады.

Али Феруз Өзбекстандағы азаптаулар жөнінде: «Тырнақтарды жұлып, қайнаған су құйып, асып қояды».

Источник

Exit mobile version