Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда балалар үйіндегі қыздарды зорлады деп айыпталған экс-шенеуніктер ісін тергеу аяқталды

Иллюстративное фото.

15 маусымда Ташкент қалалық сотында Хорезм облысы Янгиарық аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі мен әділет басқармасының бұрынғы екі шенеунігіне қатысты сот тергеуі аяқталды.

Бұның алдында бұрынғы екі шенеунік 1,5 жылға сотталған.

Дереккөз мәліметінше, жабық өткен сотта жәбірленушілер бопсалау, алдау және зорлық құрбаны болғанын айтқан.

Әділет басқармасының бұрынғы басшысы А. Машарипов пен Янгиарық аудандық төтенше жағдайлар жөніндеді бөлімінің бұрынғы басшысы ЧС А. Курязовқа «кәмелет жасқа толмаған балалармен жыныстық қатынас жасау» айыбы тағылған.

Үргеніш қаласындағы №1 балалар үйінің басшысы Ю. Худайбергеноваға да қылмыстық айып тағылған.

Хорезм облысындағы балалар үйінде тәрбиеленетін үш қызды шенеуніктер зорлағаны наурыз айында мәлім болды. Әлеуметтік желілер мен БАҚ реакциясынан кейін Хорезм прокуратурасы Хиуа ауандық соты шығарған үкімге шағым түсірген. Аудандық сот былтыр қыркүйекте бұрынғы шенеуніктерді 1,5 жылға соттаған.

Источник

Exit mobile version