Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда бес тәулікке қамалған журналист пен екі блогер кәсіби қызметті аяқтағанын мәлімдеді

Қашқадарияда Nasaf News сайтының жетекшісі Үміт Кәрімов, сонымен бірге тағы екі блогер Мақсұт Мұзаффаров пен Отабек Артықов кәсіби қызметті аяқтағанын жариялады.

Бір апта бұрын Шахрисабз қалалық соты журналист Кәрімовті, сонымен бірге блогерлер Мұзаффаров пен Абдуллаевты ұсақ бұзақылық жасады деп танып, бес тәулікке қамаған.

Үміт Кәрімов Nasafnews.uz сайтындағы жұмысын ғана емес, «Капитан Кәрімов» авторлық блогын да тоқтатқанын мәлімдеді. Gazeta.uz басылымына сұқбат берген Кәрімов мұндай шешімін сот әділдігіне жете алмағанымен түсіндірген. «Себепсіз бес тәулікке қамады. Сол себепті жұмысымды тоқтатамын» дейді блогер.

Артынша блогер Отабек Артықов пен AvtoblogUz Telegram-арнасының авторы Мақсұт Мұзаффаров та кәсіби қызметті аяқтағанын жариялады.

Мұзаффаров Өзбекстанда блогерлер заңмен қорғалмауына байланысты осындай шешім қабылдағанын айтты. «Шындық жоқ екеніне көз жеткіздім. Қызметімді әрі қарай жалғастырайын десем, мені ешкім қорғай алмайды. Болған оқиға менің көзімді ашты» дейді блогер.

Отабек Артықов бес тәулікке қамалса да, әріптестерінің жазалананын көріп, мұндай іспен айналысу қауіпті екенін түсінген. «Қарапайым адам секілді өмір сүргім келеді. Демаламын, алаңсыз өмір сүремін» дейді Артықов.

Наурыздың басында қырықтан астам журналист, блогер және қоғамдық белсенді Өзбекстан президнті Шавкат Мирзияевке хат жазып, мемлекет басшысынан «тәуелсіз баспасөз қамтамасыз етуге көмек беруін» сұраған.

Өзбекстанда журналистер мен блогерлерге қысым көбейгенін мамыр айында «Шекарасыз тілшілер» адам құқықтарын қорғаушылар ұйымы да есебінде атап өткен.

Источник

Exit mobile version