Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда бір мейрамханада тамақтанған 60-қа жуық адам астан уланды

Прокуратура Жизақ облысындағы мейрамханалардың бірінде түскі ас іскен 60-қа жуық адамның улануын тексеріп жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, 25-26 маусымда Жизақ облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 57 адам түскен. Олардың бәрінің іші өткен. Дәрігерлер ондаған науқастың астан уланғанын анықтаған.

Адамдар «Тошлок» махалласындағы мейрамханалардың бірінде тамақтанғаны мәлім болды. Олар шашлық, саңырауқұлақ пен майонез қосылған салатқа тапсырыс берген. Содан кейін адамдардың жүрегі айнып, іші өткен, ыстығы көтерілген.

Науқастардың 11-і ауруханадан шықты, қалғандарының да жағдайы бірқалыпты.

Прокуратура қызметкерлері мейрамхананы тексеріп, азық-түліктерден сынама алған. Астан уланған адамдардың бәрі құзырлы орган қызметкерлерінің сұрақтарына жауап береді.

Источник

Exit mobile version