Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда блогер елдің екі президентіне тіл тигізді деген айыппен үш жылға сотталды

Өзбекстанның Хорезм облысындағы Хазорпас аудандық соты ел президентінің қадыр-қасиетіне нұқсан келтірді деген күдікпен айыпталған блогер Собиржон Бобонтёзовты үш жылға бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы «Эзгулик» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Абдурахман Ташанов мәлімдеді.

Оның сөзінше, Бустон ауылында тұратын Бобониёзов Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов пен қазіргі мемлекет Шавкат Мирзияевтің қадыр-қасиетіне нұқсан келтірді деп танылған.

Тергеу материалдарына сәйкес, блогердің телеграм каналында «Ислам Каримов пен Шавкат Мирзияевтің ар-намысын таптайтын видеолар» жарияланған.

Айыптау үкімінде блогер бұл істі «мас күйінде білмей жасағаны» айтылған.

Источник

Exit mobile version