Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда дәрігер жұмысына кедергі келтіргендерді жауапқа тартуды ұсынды

Өзбекстан Бас прокуратурасы медицина қызметкерінің жұмысына кедергі келдіргенді жауапқа тартуды қарастыратын заң жобасын дайындады.

Құжатқа сәйкес, медициналық көмек немесе қызмет көрсетуге кедергі келтіргендерге айыппұл салынады немесе оларды 15 тәулікке қамайды. Бұған қоса, медицина қызметкерлері жұмысына кедергі келтіргендердің үстінен сотқа арыз түсіре алады. Әкімшілік кодексте мұндай құқық адвокаттар мен педагогика қызметкерлеріне берілген.

Заң жобасы 17 маусымға дейін талқыланады.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2018-2021 жылдар аралығында медицина қызметкерлеріне 470 мәрте шабуыл жасалған. Мұндай заңсыз әрекетті көбіне науқастар мен олардың туыстары жасаған.

Источник

Exit mobile version