Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда дәріхана желілерін дамыту жөніндегі агенттік басшысы ұсталды

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Дәріханалар желісін дамыту жөніндегі агенттік басшысы К.С. мен оның қылмысқа қатысы бар жақтастары ұсталды.

Жемқорлықпен күрес агенттігінің хабарлауынша, олар «Док-1 Макс» пен «Амбронол» шәрбаттарын қабылдаған балалардың өліміне қатысты іс аясында қамауға алынған.

Қаржы полициясы таратқан мәліметте күдіктінің толық аты-жөні аталмады, бірақ оның дәріханалар желісін дамыту жөніндегі агенттік басшысы Сардор Кариев екені мәлім.

2022 жылдың аяғында Өзбекстанда «Док-1 Макс» үнді препаратын ішкен 20-дан аса бала қайтыс болды. Іс материалдары бойынша, «Quramax Medikal» мен «Дәрі-дәрмек стандарттары ғылыми орталығының» жауапты тұлғаларына қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Кейін Үндістаннан препарат тасумен айналысқан «Quramax Medikal» компаниясының лицензиясы қайтарылған.

Источник

Exit mobile version