Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда дауыл салдарынан 50 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалды

19 маусымда Бұхара, Навои, Самарқанд және Жизақ облыстарында бірнеше ондаған мың тұтынушы дауыл салдарынан жарықсыз қалды. Бұл туралы Өзбекстан энергетика министрлігі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, Бұхара облысында 6 мың тұтынушы, ал Навои облысында 23 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалған.

19 маусымда кешке Самарқанд облысында тағы 9 мың тұтынушы жарықсыз отырғаны мәлім болды.

Кейінгі бірнеше күнде Самарқанда және Өзбекстанның басқа да облыстарында құмды дауыл басылмай тұр.

Әлеуметтік желілерде сары және қоңырқай құмды дауыл жақындап келе жатқаны туралы видеолар жарияланып жатыр.

Источник

Exit mobile version