Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда екі әріптесін ұрған мұғалімнің ісі тексеріліп жатыр

Иллюстративное фото.

Өзбекстанның Сурхандария облысында екі әріптесін соққыға жыққан мұғалімнің ісі тексеріліп жатыр. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ хабарлады.

Сейсенбі күні әлеуметтік желілерде жиналыс кезінде ер адамның әйелді ұрып, оны құлатқан видеосы тараған. Ер адам ұрған мұғалімді сыртқа шығарып жіберіп, әйелге тұруына көмектесіп жатқан кезде, агрессия танытқан ер адам қайта келіп, басқа әйелді соққыға жығады. Ол әйел де соққыдан құлап түседі.

Елдің бас прокуратурасының хабарлауынша, оқиға 14 сәуірде болған. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып кеткеннен кейін, ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қазір қамауда отыр.

Қазір зардап шеккен екі әйел ауруханада жатыр.

Источник

Exit mobile version