Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда екі партия Шавкат Мирзияевты президенттікке үміткер ретінде ұсынды

«Ұлттық қайта жаңғыру» партиясы президенттікке үміткер ретінде қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевты ұсынған «Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясының» шешімін қолдайды. Мұндай шешім партияның 13 мамырда өткен құрылтайында қабылданды.

12 мамырда «Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы» президент сайлауына Шавкат Мирзияевтің кандидатурасын ұсынған.

Оған дейін «Экология партиясы» өз лидері Абдушүкүр Хамзаевты, «Халықтық демократиялық партиясы» Улугбек Иноятовты және «Әділет» социал-демократиялық партиясы Робахон Махмудовты үміткер ретінде ұсынған.

Өзбекстанда таяуда референдум өтіп, Конституцияны өзгерту ұсынысы қолдау тапқан. Оған сәйкес, президент мерзімі бес жылдан жеті жылға ұзартылған. Бұл Мирзияевқа 2040 жылға дейін билікте отыруға жол ашылды дегенді білдіреді.

Өзбекстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 9 шілдеде өтеді.

Источник

Exit mobile version