Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда электр энергиясы үшін қарызы бар тұтынушыларға жарық берілмейді

Өзбекстанда 27 қаңтардан бастап электр энергиясы үшін қарызы бар тұтынушылардың үйін жарықтан ажырататын болады. Осылай деп «Аймақтық электр желісі» компаниясы хабарлады.

Былтыр жылдың аяғында энергетика министрлігі қарызы барларды электр энергиядан және газдан ажыратпаймыз деген.

Қазір Өзбекстанда энергетикалық дағдарыс. Тұрғын үйлерде табиғи газ бен электр энергиясы жиі сөніп қалып жатыр.

Сол себептен жанар май құю станцияларында газ беруге уақытша шектеу енгізілген.

Источник

Exit mobile version