Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда Hugo Boss брендінің киімдерін тігетін фабрика ашылды

Наманган облысының Давлатабад ауданында «Фазман мақта-мата» компаниясы әлемдегі ірі Hugo Boss (Германия) брендімен бірге еуропалық стандартқа сай өнім дайындайтын кәсіпорын ашты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өндірістің алғашқы кезеңіне $20 млн бөлінді. Жобаның жалпы құны — $40 млн. Жыл сайын кәсіпорын 1 млн дана дайын өнім шығарады, ал экспорт көлемі $15 млн болады.

Құрал-жабдық Германия мен Түркиядан әкелінді. Фабрикада бір жарым мың жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын қарқынды жұмысқа көшкенде мұнда үш мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Бес жыл бұрын Наманган облысында ірі тігін кәсіпорыны болмаған, деп хабарлады аймақ әкімшілігі. Қазір бұл өңірде 20 фабрика бар, олардың әрқайсында 1 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Олар Waikiki (Түркия), Baldessarini (Германия), ZARA (Испания) брендтерінің өнімдерін шығарады.

Источник

Exit mobile version