Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда кәмелетке толмағандарды зорлағандарға жаза күшеймек

Иллюстративное фото.

Ташкентте 14 жастағы қызды зорлады деп сотталған үш ер адамның мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы қоғам наразылығын туғызды.

Жәбірленушілердің отбасы сотталушылардың жеңіл жаза алып, енді бостандыққа шығуына наразы. Мамандар Өзбекстанның Қылмыстық кодексінде кәмелетке жасы толмағандарды зорлағандарға жазаны күшейту қарастырылмаған дейді.

Соңғы жылдары мектеп оқушыларын зорлаған бірнеше оқиға тіркелді. Күдіктілердің бәрі жеңіл жазаға тартылған. Балалар омбудсмені Әлия Юнусова бала зорлаған қылмыскерлерге жазаны күшейту туралы ұсынысты елдің заң шығарушы органына жібергенін айтты. Оның бұл ұсынысын президенттің үлкен қызы Саида Мирзияева да қолдап отыр.

Таяуда ғана Ташкентте 14 жастағы қызды зорлады деген үш ер адам мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. 4 жылға сотталған А. Х. есімді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 12 айдан кейін бостандыққа шыққан. Ал оның екі танысы жарты жылдан кейін босатылған.

Nemolchi.uz жобасының белсенділерінің айтуынша, бостандыққа шыққан ер адамның бірі Ташкенттегі медициналық орталықта жұмысын жалғастырып, балаларға қызмет көрсетіп жүр.

14 жастағы зорланған қыздың анасы сот үкіміне келіспей, Жоғарғы сотқа дейін шағымданған. Бірақ жоғарғы инстанция бастапқы сот үкімін өзгеріссіз қалдырған.

Источник

Exit mobile version