Site icon KAZAKBOL

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина егу науқаны басталды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 1 сәуірде Өзбекстанда «коронавирусқа қарсы вакцина егу науқаны» басталды.

Хабарларға қарағанда, республика ZF-UZ-VAC2001 өзбек-қытай вакцинасы мен AstraZeneca британ вакцинасын пайдаланады.

Сәуір айында өзбек үкіметі 142,3 мың адамға вакцина егуді жоспарлап отыр. Облыс орталықтары, Ташкент және Нүкіс қалаларында 219 вакцина егу орталығы жұмыс істейді.

Министрліктің мәлімдеуінше, вакцина бірінші кезекте 65 жастан асқандарға, медицина қызметкерлеріне егіледі. Бұған қоса, мұғалімдер мен милиция қызметкерлері вакцина қабылдайды.

Өзбекстанда 3138 вакцина егу пункті және 862 медициналық бригада жұмыс істейді.

centralasian.org

Exit mobile version